Кто такой индивид. Индивид, индивидуальность и личность — в чем разница?

Кто такой индивид. Индивид, индивидуальность и личность - в чем разница? Женщине

Античная история термина

Термин «индивид» (лат. individuum «недели́мый») был впервые использован в I веке до н. э. Цицероном[3] для передачи греческого ἄτομος, «атом» (от др.-греч.ἄτομος «неделимый, неразрезаемый»), введённого в свою очередь атомистомДемокритом в V веке до н. э., который под атомами понимал мельчайшие неделимые «элементы», бесконечные по числу и не воспринимаемые чувствами, которые вместе с пустотой образуют частицы материи.

Исторически individuum и ἄτομος термины восходящие к натурфилософии, физике, в изложении Левкиппа и его ученика Демокрита, для определения минимальных элементов, которым может быть присуще истинное бытие, то есть возможность быть не разрушаемыми и не возникающими.

Методологическая польза идеи атомов Демокрита для общественных наук заключается в том, что введение в предмет психологии, социологии, социальной философии категории «неделимости», «атомарности», «индивидуума» позволяет определить структурные границы единицы социального организма, дальнейшее «дробление» которого неизбежно приводит исследование к пересечению либо с индивидуальностью и/или личностью, либо с предметами естественных дисциплин.

Индивид и группа

Индивидуумы образуют группы. В группу входит несколько индивидов, каждый из которых обладает индивидуальными особенностями. Объединяет группу индивидов цель, которая формирует их общую деятельность.

Человек вливается в группу и становится ее частью, но при этом не теряет свои индивидуальные черты. Пока он находится в группе, то высказывается от лица группы, а не от своего собственного. Его высказывания диктуются регламентом, который принят в том или ином коллективе. Каждый индивид в группе занимает определенную позицию.

Человек может в любой момент покинуть группу или поспособствовать ее дальнейшему развитию.

Обычно индивид входит в группу с целью решить свою проблему, заняться исследованием чего-либо, усовершенствовать свою профессиональную деятельность.

Особенности деления индивидов на группы в социологии.

Признак деления.Описание.Пример.
Возраст.В течение всей жизни индивиды распределяются по группам по возрастному признаку, так как от этого зависит многое в жизни человека.Группа детского сада, школьный класс, группа студентов техникума.
Пол.От половой принадлежности человека зависит его социальная роль и образ жизни.Группа молодых мам, мужская команда по игре в футбол, женский хор.
Территория проживания.Люди объединяются в группы согласно территории собственного проживания.Жители силе Похвистнево, проживающие в доме №13 по улице Ленина в Москве, жители городского комплекса Соловьиная Роща.
Профессия.Участники социальной группы могут объединяться по роду деятельности или направления своей карьеры.Работники сферы образования, преподаватели математики, сотрудники школы №8 города Саратова.
Религиозная принадлежность.В мире существует порядка 5000 различных религиозных направлений, и у каждого из них есть сторонники.Христиане, мусульмане, протестанты, католики.
Национальность.Сегодня растет и развивается идея космополитизма (каждый человек – это гражданин мира). Но некоторые люди все же причисляют себя к определенной нации.Армяне, корейцы, французы, итальянцы.

А какие социальные группы знаете вы? Приведите примеры в комментариях, нам и нашим читателям будет интересно ознакомиться.

Пример поведения индивида в группе в видео ниже. Очень интересный эксперимент, который расскажет, как быстро человек адаптируется порой даже под глупые правила.

Индивид тұлға даралық қабылдаған амирбекова м орындаған

Индивид, тұлға, даралық Қабылдаған : Амирбекова М. Орындаған: Оразай Б. Рыскелді А. Утемисова А.

Индивид, тұлға, даралық Қабылдаған : Амирбекова М. Орындаған: Оразай Б. Рыскелді А. Утемисова А. Мыканова Г.

Индивид – бұл адамдардың психологиялық сипаттамаларының физикалық алып жүрушісі. Былайша айтқанда, К. А. Абульканова

Индивид – бұл адамдардың психологиялық сипаттамаларының физикалық алып жүрушісі. Былайша айтқанда, К. А. Абульканова – Словская нақты субьектіні әлеуметтік топтан ажырату үшін «әлеуметтік индивид» түснігін қолданады. Индивид тұлғаның ерекшеліктерінің алғы шарттарын қалыптастырады, бірақ тегі бойынша әлеуметтік – мәдениленген салаларын ережеге сай детерминациялай алмайды. Ал тұлға ( А. Н. Леонтьевтің анықтамасына сәйкес) – мәдени – тарихи даму барысында белсенділік, субьектілік, құмарлылық, және сапалылық қасиеттерін шегеріп оны қалыптастырған жүйелі қасиеттері. Бұл анықтама логикасына сәйкес кез келген индивид тұлғаға айналып, тұлға өз кезегінде әрқашан анатомды – физиологиялық алғы шартармен бір мәнді анықталып жатпайды.

Индивидтілік индивидуалдылықта болады. Индивидуалдылық – бұл өздігінен дамитын және өздігінен реттелетін автономдық ереше және

Индивидтілік индивидуалдылықта болады. Индивидуалдылық – бұл өздігінен дамитын және өздігінен реттелетін автономдық ереше және қайталанбайтын биоәлеуметтік жүйе. Бұл жеке адамның болмысының өзіндік бүтіндігін сақтау шеңберінде үздіксіз сыртқы және ішкі өзгерістерін өз — өзіне ұқсастыру формасы.

Тұлға — жеке адамның өзіндік адамгершілік , әлеуметтік, психологиялық қырларын ашып, адамды саналы іс-әрекет

Тұлға — жеке адамның өзіндік адамгершілік , әлеуметтік, психологиялық қырларын ашып, адамды саналы іс-әрекет иесі және қоғам мүшесі ретінде жан-жақты сипаттайтын ұғым. Aдамның әлеуметтік қасиеттерінің жиынтығы, қоғамның даму жемісі және белсенді қызмет ету мен қарым-қатынас орнату арқылы жеке адамды әлеуметтік қатынастар жүйесіне енгізудің жемісі. Тұлға психологияда өзінің өмір жолын белгілей алатын, қайталанбас даралық ерекшелігін сезінетін субъект. Тұлға адам ұғымынан гөрі нақты мағынаға ие. Өйткені адам тұлғалық сипатты иелену үшін өз “менің” өзге “меннен” ажыратып, есейіп, өз бетінше дербес әрекет ету мүмкіндігін ашуы керек.

 Яғни, белгілі бір мәнді іспен айналысатын, азды-көпті білімі, өмірлік тәжірибесі, дүниетанымы мен сенімі

Яғни, белгілі бір мәнді іспен айналысатын, азды-көпті білімі, өмірлік тәжірибесі, дүниетанымы мен сенімі бар адамды тұлға деп атайды. Қазақ ұғымында бала мұндай азаматтық атқа бозбалалық шақта ие бола бастайтынын “Он үште отау иесі” деген мақалдан көруге болады. Халықта өзінің өнегелі істерімен, имандылығымен ерекшеленген адамды ерекше қастерлеп, кісілігі бар тұлға дейді. Тұлға бойындағы адамгершіліктің көрінісі ар-ұятқа кір келтірмеуінен, намысын жоғары ұстауынан байқалады. Индивид пен тұлғаның сипаттамаларын біріктіру үшін В. С. Мерлин интегралды даралық түснігін енгізіп, оның атымен белгілей отырып, ондағы барлық табиғи және әлеуметтік сапаларды тығыз байланыстырды. А. Н. Леонтьевке қарағанда В. С. Мерлин индивидті және жеке тұлғалық қырларды бір – біріне қарсы қоймай, оларды бағындыруға тырысты.

Даралық бір адамның басқа бір адамнан, бір тұлғаның басқа бір тұлғадан айырмашылығын, оның ешкімге

Даралық бір адамның басқа бір адамнан, бір тұлғаның басқа бір тұлғадан айырмашылығын, оның ешкімге ұқсамайтынын, өзіне тән ерекшелігі бар екенін сипаттайды. Даралық, әдетте, адамның мінезі мен темпераментінің ерекше белгілері (мысалы, салмақты- жігерлі және мақсатты адам), шығармашылық қызмет- әрекеті мен қабілеттілігінің өзгешелігі ақылы ерекшеленеді. Осылйша, мұғалімнің даралығы оның терең білімдарлығы, педагогикалық көзқарастарының ауқымдылығы, балаларға деген ерекше қатынасы, жұмыстағы шығармашылық ниеті, т. б. арқылы көрінеді. “Даралық” ұғымы бір адамды басқа бір адамнан, бір тұлғаны басқа бір тұлғадан ажыратып, оған өзіне тән сұлулық пен қайталанбас қасиет беретін жалпа мен жекеден тұрады.

 Даралықтың әр «қабатына» зерттеуде әртүрлі ықпалдар сәйкес келетіні тарихи қалыптасқан, «Мазмұнды – мағналы»

Даралықтың әр «қабатына» зерттеуде әртүрлі ықпалдар сәйкес келетіні тарихи қалыптасқан, «Мазмұнды – мағналы» ықпал танымына және мінезіне, біліміне, икемділігіне, қабілеттеріне, мағналарына, күйзелістеріне, және де басқа адамның тұрақты психологиялық ерекшеліктерінің даралық вариацияларын өлшеуге бағытталған «Мінез –құлықтық» ықпал (мұны бихевиористікпен шатастыруға болмайды!) адамның белсенділігін құрайтын моторлы, вегативті, биохимиялық – мінез – құлық формасының объективті тіркелген талдауымен байланысты. Б. М. Теплов бірінші болып ықпалдың барлық мазмұнды көңіл бөлдіртуіне қарамастан, онда көрсетілген психологиялық түсініктердің валенттілігін нақтылайтын теориялық негіз жоқ деп әділетті атап көрсеткен.

Кто такой индивид. Индивид, индивидуальность и личность - в чем разница?

Историческая личность, личность с большой буквы и расстройство личности

В обиходе слова «человек», «индивид» и «личность» часто используются как полные синонимы.

При этом личность — самое многозначное слово из трех. Историческими личностями называют выдающихся деятелей прошлого. «Личностью с большой буквы» — достойного человека, способного на благородные поступки.

В психологии существуют десятки трактовок термина «личность». Изучению личности и ее особенностей, отношений с другими личностями, обществом и миром посвящен целый раздел этой науки — психология личности.

В психиатрии существует понятие расстройство личности (личностное расстройство) — особый вид психического расстройства, душевной болезни.

Выражение «культ личности» означает неумеренное восхваление вождя в авторитарном или тоталитарном обществе. Первоначально эти слова употребил Н.С. Хрущев, критикуя диктатуру И.В. Сталина (в докладе «О культе личности и его последствиях» на XX съезде КПСС в 1956 году).

Примечания

  1. Индивид // Казахстан. Национальная энциклопедия (рус.). — Алматы: Қазақ энциклопедиясы, 2005. — Т. II. — ISBN 9965-9746-3-2. (CC BY-SA 3.0)
  2. Украинская психологическая терминология: словарь-справочник. — К.: «Информационно-аналитическое агентство», 2021. — 302 с.
  3. Marcus Tullius Cicero.De Fato // M. Tulli Ciceronis scripta quae manserunt omnia, Fasciculus 46, De divinatione. De fato. Timaeus. — Berlin, Boston: De Gruyter. — ISBN 978-3-11-095254-4.
  4. Диоген Лаэртский.О жизни, учениях и изречениях знаменитых философов. (Книга IX, §7 Демокрит) (неопр.).
  5. Организм (рус.) // Википедия. — 2021-11-20.
  6. Момджян К. Х. Введение в социальную философию. — М.: Высшая школа, КД «Университет», 1997. — 448 с. — ISBN 5-06-003347-3ISBN 5-8013-0003-1.
  7. 12Добреньков В. И., Кравченко А. И. Фундаментальная социология: В 15 т. — Т. 7: Человек. Индивид. Личность. — М.: Инфра-М, 2005. — 960 с. — ISBN 5-16-001546-3.

Свойства и признаки индивида

Любой человек обладает определяющими признаками и свойствами, которые представляют из себя единство врожденного и приобретенного. Индивиды, прежде всего, рассматриваются с точки зрения их биологической составляющей:

  1. Стремление к продолжению рода.
  2. Половые и возрастные различия.
  3. Потребность в питании, сне, дыхании.
  4. Наличие наследственности.
  5. Присутствие рефлексов и инстинктов.
  6. Умение приспосабливаться к меняющимся факторам окружающей среды.
  7. Наличие психологических качеств и процессов (мышление, память, воображение, эмоциональная сфера).
  8. Строение рук усложненное, присутствует склонность к развитию мелкой моторики.
  9. Особое строение черепа и структура мозга.
  10. Способность к нахождению в стоячем положении и передвижению.
  11. Отсутствие ярко выраженного шерстяного покрова.
  12. Речевой аппарат развит.

Поведение индивида и его социальная активность обладают рядом свойств:

  1. Уровень активности, общительности, энергичности.
  2. Эмоциональная выразительность, проявление черт характера.
  3. Темп и динамичность индивидуального развития.
  4. Стабильность, постоянство поведения человека в различных жизненных ситуациях.
  5. Понимание своего поведения и его последствий.
  6. Целостность и устойчивость.
  7. Гибкость, умение меняться в соответствии с ситуацией и условиями окружающей среды.
Как быть Леди:  Эксгибиционизм - причины, симптомы, диагностика и лечение

Есть несколько характеристик индивида, которые выделяют человека среди других живых существ. К ним относятся:

  1. Способность к членораздельной, осмысленной речи.
  2. Умение совершать осознанную деятельность, преобразовывать уже имеющееся, улучшать самого себя.
  3. Возможность создавать орудия труда и активно использовать их в своей деятельности.
  4. Способность к творческой деятельности, созданию духовных и культурных ценностей.
  5. Умение примерять на себя чужую модель поведения.
  6. Отношение к миру с морально-нравственных позиций.

Источник. Ефимова Н.С. Основы общей психологии //Москва: ИД «ФОРУМ» — ИНФРА-М, 2021, 289 стр.

Социальная философия и социология

Социальная философия рассматривает индивида как единичного носителя социальности ― специфического способа существования человека, выделяющего и отделяющего его от природы, в основе которого лежит деятельность (противопоставляемая активности животного) ― «целенаправленная, адаптивно-адаптирующая деятельность, то есть приспособление к природной среде путём её масштабной предметной переработки, ведущей к созданию искусственной среды существования человека или артефактной „второй природы“»[6].

Социология рассматривает индивида как «техническую» характеристику человека. Если индивидуальность и личность являются статусами достигаемыми, то индивид ― предписанный[7].

Идея tabula rasa («чистая доска»), восходящая к труду Аристотеля «О душе́» и закреплённая в Джоном Локком в трактате «Опыт о человеческом разумении», наилучшим образом коррелирует с идеей индивида, как изначально чистого носителя социальности, элементы которой ему предстоит усвоить в процессе индивидуализации и становления его личности.

В концепции Эмиля Дюркгейма, индивид ― носитель «изначальной социальности», социальный артефакт, сконструированный людьми и культурой[7].

Тұлға», «адам», «индивид», «жекелік» ұғымдарына түсінік

Лекция. Оқушы тұлғасы–тәрбиенің обьектісі және субьектісі

Педагогикалық антропология – тәрбиенің философиялық негізі

Антропология (грекше — «antropos» — адам) – адам туралы ғылым. Ол адамның шыққан тегін және оның барлық кезеңде бірдей даму типін зерттейді. Антропологияда адамды салыстырмалы кең көлемде, әрбір адамның жеке әрекеттерін зерттейді: жыныстық, жастық, конституциялық, қызметтік, этникалық және нәсілдік.

Адам – қоғам мүшесі. Адамның, адам болып қалыптасуы және оның өмірі қоғамдық ұйымда өтеді. Еңбек пен қоғам – адамның тіршілігі мен жағдайының негізі, оған әлеуметтік тарихи жағдайлар әсер етеді.

Антропологиялық зерттеулердің нәтижелері педагогикада, психологияда, т.б. ғылымдарда өте кең және жиі қолданылады.

ХІХ ғасырдың екінші жартысында жарық көрген К.Д.Ушинскийдің «Педагогикалық антропология» атты еңбегі педагогиканың алтын қорына қосылған туындылардың бірі болды. К.Д.Ушинский өз еңбегінде: «Тәрбиені жетілдіре отырып, адамдардың дене, ақыл-ой күшін белгілі деңгейден әрі жалғастырып, көтеріп тастауы мүмкін. Қалай болса да, адам да және тәрбиенің жоғарғы мұраты, тағы да ерекше күш тауып, межелі мақсатқа жетуге жол табуы тиіс» – деп көрсетті.

Тұлға», «адам», «индивид», «жекелік» ұғымдарына түсінік

Адам қоғамнан тыс өмір сүре алмайды. Өйткені ол айналасындағылармен қарым-қатынас жасау процесінде ғана қалыптасады, қоғамдық тәрбие арқылы адам белгілі мазмұнға ие болады. Адам санасының дамуы қоғамның дамуымен байланысты. Қоғамнан тыс адам өмірінің болуы мүмкін емес. Жаңа туған нәресте «адам» деп аталғанымен, «тұлға» деген атқа көпке дейін ие бола алмайды.

Тұлға – адамның бойындағы әлеуметтік қасиеттер, сапалар, белгілі бір іс-әрекет түрімен айналысатын, қоршаған ортаға деген өзінің қатынасын мойындайтын және өзінің дара ерекшеліктері бар нақты адам және қоғамның саналы мүшесі, өмірге өзіндік белгілі бір көзқарастары, қарым-қатынастары бар, жеке моральдық талаптары, өзіндік психологиялық қасиеттері бар жан иесі.

Тұлға – әлеуметтік индивид. Жеке тұлға әлеуметтік қатынастар мен саналы іс-әрекеттердің субъектісі ретіндегі индивид. Адам қасиетін түсіндіретін тағы бір ұғым – индивид. Бұл сөз латын сөзінен алынған және оның қазақша баламасы – жекелік. Индивид – адамзат тұқымының еш қасиеттері ескерілменген бір өкілін білдіреді. Бұл орайда әрбір адам – индивид. Жеке тұлға – қоғамдық индивид, біліктіліктің, қызметтің және сөйлесудің субъектісі. Индивид — туа біткен және даму процесі кезінде жинақталған қасиеттің жиынтығы. Индивидтің негізгі қасиеттері: белсенділігі, біртұтастылығы, тұрақтылығы, қоршаған ортамен тек өзіне тән қарым-қатынас жасауы

Индивид — адамның белгілі бір текке қатынасын көрсетеді, сол тектің табиғи және өзіндік қасиетін іске асырушы болып табылады. Индивид — биологиялық қажеттіліктің жиынтығы. Әлеуметтендіру – мәдени элементтерді түсіндіру, әлеуметтік мұраттар мен құндылықты игеру негізінде жеке тұлға қасиеттерін қалыптастыру.

Әлеуметтік бейімделу индивидтің қоршаған орта жағдайларына ыңғайлануы болса, ал әлеуметтік кемелдену өзінің іс-әрекетін жүзеге асыру, тәртіптің қарым-қатынаста тұрақтылығы, тұлғаның өзі туралы пікірі, өз-өзіне баға беруі. Әлеуметтік бейімделу мен әлеуметтік кемелдену міндеттерінің шешімі: егер, ізгілікті орта болса, «барлығымен бірге болу» және «өзімен-өзі болу» мотивтерімен, уәждік қажетсінумен реттеледі.

Л.С.Выготскийдің айтуы бойынша: «Жеке тұлғаның негізгі функциялары қоғамдық тәжірибені шығармашылықпен меңгеру және қоғамдық қатынас жүйесіне қосылу». Тұлға қоғамдық тіршілік иесі сипатында көрініп, тіл игеруі, санасы, әртүрлі әдеттермен ерекшеленеді. Жеке адамдық қасиетке ие болу, оның табиғи биологиялық болмысына емес, қоғамдық қасиеттерге тікелей байланысты. Сонымен «жеке тұлға» дегеніміз — адамның қоғамдық сипатын танытып, оның өмірі барысында өзіне топтаған әлеуметтік сапалар мен қасиеттер жиынтығын білдіреді.

В.П.Тугаринов жеке адамның сапалық көрсеткіштері ретінде төмендегілерді атайды: саналылық, жауапкершілік, еркіндік, жеке басының қадірі, даралық, қоғамдық белсенділік пен бекіген саяси-идеялық бағыттылық.

Жеке тұлға дамуы, оған әсер ететін факторлардың ықпалы туралы, қоғамның әртүрлі даму кезеңдерінде әртүрлі көзқарастар, бағыттар болған.

Платон мен Аристотель жеке тұлға дамуында тұқымқуалаушылықтың рөлі үлкендігіне баса назар аударып, биологиялық бағыттың дамуы ықпал етті.

Сол сияқты ХVІ ғасырда преформистік бағыт, Джон Дьюидің пікірі бойынша прагматистік, Джон Локтың идеясымен әлеуметтік бағыт болған.

С.Л.Рубинштейн зерттеуі бойынша жеке адам өз қылығы мен іс-әрекетін саналы басқаруға мүмкіндік беретін психикалық даму деңгейімен сипатталады, яғни өз әрекетін ойластыра біліп, жауапкершілікті сезіну қабілетінің болуы, өз бетінше дербес іс-әрекетін жасай білуі – жеке адамның мәнді белгілері.

§

Тәрбие, орта, тұқымқуалаушылық жеке тұлға дамуына әсер ететін әлеуметтік, биологиялық, психологиялық ықпалдар болып табылады.Тәрбие – жеке тұлға дамуындағы басты факторлардың бірі. Тәрбие балалардың жеке және дербес ерекшеліктеріне, дайындығы мен дәрежесіне лайық іске асырылып, тәрбие адамдардың іс-әрекеттерін ұйымдастырады. Ол үшін тәрбиеші алдын- ала жасалған арнаулы жоспар бойынша тәрбие жұмысын мақсатқа бағыттап ұйымдастырып, тәрбиенің құралдары мен әдістерін және формаларын іздестіреді, оларды тиімді етіп пайдаланады. Тәрбиенің рөлін педагогика тарихында, аса артық бағалаушылар да болды.

Тәрбиенің негізгі мақсаты – қалыптасып келе жатқан жеке тұлғаның әлеуметтік тәжірибені меңгеруі, оның жан-жақты үйлесімді дамуы. Жеке тұлғаның дамуы мен қалыптасу мәселесінің көп ғасырлық тарихы бар. Ол көп аспектілі және әртүрлі ғылымдардың тоғысында қарастырылады.

Ертедегі грек ғалымдары жеке тұлғаның дамуына биологиялық факторлармен қоса әлеуметтік факторлар да әсер етеді деп есептеген. Жеке тұлғаның қалыптасу факторлары туралы идеялар келесі дәуірлердің прогрессивті философиялық және психологиялық-педагогикалық пікірлерінде өз жалғасын тапқан (Э.Роттердамский, Я.А.Коменский, К.А.Гельвеций, Д.Дидро, А.Дистерверг, К.Д.Ушинский, Д.Дьюи, Э.Торндайк, П.П.Блонский, А.С.Макаренко, Л.С.Выготский, Э.И.Моносзон, Л.И.Божович, С.Л.Рубинштейн, В.В.Давыдов т.б.).

Жеке адамдық дамудың ықпалды көзі – тәрбие, қоршаған орта, табиғи нышандармен қатар тұрса, ол — адам қалыптасуында жетекші фактор. И.П.Подласый: «Тәрбие – қоғамға жеткілікті қалыптасып дамыған жеке адамды бере алатын негізгі күш» – деп баса айтады. Баланың жеке басының дамуы мен қалыптасуына ықпал ететін үш фактордың ішінен тәрбие адамның дамуына орасан күшті ықпал етіп, тұқым қуалаушылық пен ортаның ықпалына белсенді әсер етіп, баланың дамуын қоғам талаптарына сәйкес бағыттап, белгілі бағытта баланың өмірі мен іс-әрекеттерін ұйымдастырады, ортадағы жағдайлардан тұлға дамуына қажетті материалдарды іріктейді, жеке бастың дамуына теріс, зиянды әсер қалдыратын жағымсыз ықпалдардан аластайды.

Осы тұрғыдан келгенде тәрбие – аға ұрпақтың жаңа ұрпаққа қоғамдық тарихи тәжірибені беру процесі, жаңа ұрпақты өмірге, еңбекке дайындау арқылы қоғамның алға қарай дамуын қамтамасыз ететін процесс. Сонымен, тәрбие бала дамуын бағыттайды, басқарады, сондықтан да ол–баланы қалыптастырудағы негізгі күш. Тәрбие негізгі күш болғандықтан, оның жетімсіздігі, әлсіздігі баланың қалыптасуына кері әсер етеді.

Тұқым қуалаушылық– ұрпақтың ата-ананың биологиялық ұқсастығын елестетуі. Кейбіреулері баланың сыртқы пішініне қарап, бірден қалай әкесіне не шешесіне ұқсап қалған деп таңданады. Әрине, бұл кездейсоқ нәрсе емес. Өйткені, баланың шашы мен көзінің бояуы, терісінің пигменті, бет келбеті мен басының формасы, жүрісі мен өзін ұстау қалпы тұқым қуалаушылық арқылы берілетін биологиялық ұқсастықты еске түсіреді. Бала қозғалыс мүшелерін, нерв жүйесінің функциялық қасиеттерін, ал кейде дауыс тембрі, музыкаға, биге, математикаға қабілеттілігі сияқты өте нәзік ерекшеліктерді тұқым қуалау арқылы алады.

Орта–адам дамуына табиғи және әлеуметтік орта ықпал жасайды. Жеке тұлғаның дамуы әсер ететін факторлар және олардың ішкі, сыртқы деп бөлінуі төмендегі 19- суретте толық ашылды.

Табиғи орта — бұл түрлі табиғат жағдайының адам тұрмысына, қызметіне ықпал жасауы. Жылы және суық климат жағдайы халықтардың тұрмысына, әрекетіне елеулі ықпал етеді. Климаты ыстық жерлерде егін шаруашылығымен, ал солтүстікте балық, бұғы шаруашылығымен айналысады. Табиғат жағдайына байланысты олардың мінез-құлықтарында ерекшеліктер байқалады.

Әлеуметтік орта — жеке адамның мінез-құлқының дамуына ықпал жасайтын әлеуметтік қатынас, олардың көп қырлы іс-әрекеттері.

Адамға әсер ететін түрлі жағдайларды қозғаушы күш деп атайды. Біршама зерттелген ғылыми еңбектерде әлеуметтендірудің жағдайлары мен қозғаушы күштерін төрт топқа біріктіреді:

Бірінші – мегафакторлар (мега-өте үлкен): космос, неосфера, планета, әлем. Бұлар басқа қозғаушы күштер арқылы барлық жер бетінің тұрғындарын әлеуметтендіруге әсер етеді.

Екінші – макрофакторлар (макро-үлкен): ел, мемлекет, этнос, қоғам. Бұлар белгілі бір елді мекенде өмір сүретін тұрғындардың әлеуметтендіру жағдайына әсер етеді.

Как быть Леди:  Экзальтированность (Экзальтированный) | Что такое Экзальтированность (Экзальтированный)

Үшінші – мезофакторлар (мезо-орташа): тұрғылықты жерде халықтың болмыс-түрі, әртүрлі субьмәдениетке қатысы бойынша сараланатын адамдардың үлкен тобының әлеуметтеңдіру жағдайы.

Төртінші – микрофакторлар: белгілі бір нақты адамдарға әсер ететін қозғаушы күштер жатады – ұстаз бен отбасы, көрші, құрдастар тобы, тәрбие орындары, әртүрлі қоғамдық, діни, мемлекеттік, жеке ұйымдар, микросоциум.

Қоғамдық тұлғаларға ортақ этикалық бірыңғай талаптардың болуына қарамастан, қоршаған орта жөнінде әр адамның қалыптасқан өзіндік ой-пікірінің, көзқарасының болуы, олардың құбылысқа деген көзқарасын, ой-пікірін білдіруі заңды құбылыс. Адамдардың қоршаған ортадағы құбылыстарды түсініп қабылдауы да әр түрлі. Ол әр адамның жеке басына тән физиологиялық, психологиялық, биологиялық ерекшеліктеріне байланысты.

§

Әлеуметтену – «Мен»-дік көзқарасын қалыптастыру арқылы тұлғаның әлеуметтік өмірге бейімделуі. Тұлғаның мендік танымы тиісті болумен қатар өмірдегі өз орнын айқындауға жол ашады.

Жеке тұлға – саналы сөйлеу, шығармашылық қабілеттері бар қоғамдағы табиғи тірі организм – адам. Адам туылғанда тек биологиялық тіршілік иесі болып танылады, жеке тұлғалыққа жету әлі ерте. Биологиялық нышандар мен қасиеттердің дамуы адамның өмір бойы мүшелік пісіп жетілуі және қалыптасуы процесінің сипатын көрсетіп отырады. Кейін іс-әрекет, қарым-қатынас, еңбектің, қоршаған ортаның әсері арқасында және қабілеті мен бейімділігі негізінде жеке тұлға болып танылады. Адам бұл жағдайға әлеуметтену деп аталатын процесс негізінде жетеді.

Әлеуметтену – оқу және тәрбиенің барлық процесін қамтып, әлеуметтік өмірге араласуға, қарым-қатынасқа түсуге негіз болады. Әлеуметтену процесіне тұлғаның барлық қоршаған ортасы қатысады: отбасы, көршілері, құрдастары, мектеп, бұқаралық ақпарат құралдары.

Тұлғаның өзін-өзі дамытуы .В.И.Андреев даму мен өзін-өзі дамыту процесінің 2 ерекшелігін атап өтеді: тұлғаның өзгерісі сырттан емес, оның өзіне-өзінің ішкі мақсатқа бағытталған әсерінен болады; өзгерістер тек қана мотивте, интеллектуалды, эмоционалды аймақта ғана болмайды, сондай-ақ, барлық «өзіндік» процестерде жүреді: өзін-өзі тану, өзін-өзі анықтау, өзін-өзі жетілдіру, өзін-өзі өзектендіру, өзін-өзі басқару. Өзін-өзі дамытудың басты тетігі қарама-қайшылықты, тұлғаның біртіндеп күрделіленетін шығармашылық мәселені шешуі болып табылады.

Өзгеріс өзінің сандық және сапалық нәтижелерімен ерекшеленеді. Өзгеріс тұлғаның әртүрлі аймағын қамтиды. Бұл өзгерістер өзінің білінуі мен белсенділік диапазонында жеке дара ерекшеліктерімен сипатталады.

Даму – бір күйден екінші күйге өту процесі, ескі сапалық күйден жаңа сапалық күйге өту, қарапайымнан күрделіге өту, төменнен жоғарыға өту. Дамудың қозғаушы күші – жеке тұлғаның қажеттілігі, оның мотивациясы, сондай-ақ, іс-әрекет пен қарым-қатынастың сыртқы ынталандыруы.

Өзін-өзі дамытудың негізгі сипаттамалары болып табылатындар:

· тұлғаның әртүрлі бағыттағы процестері: педагогикалық, психологиялық, әлеуметтік, физиологиялық, философиялық және т.б.

· бұл процестердің өзегі – жасаушылық мәні болатындығы болып табылады;

· тұлғаның барлық аймағын қамтитын қарама-қайшылықтарды шешетін сандық және сапалық параметрлері болады;

· өзін-өзі дамыту тұлғаның өзіне-өзінің белсенді іс-әрекеті нәтижесінде жүреді.

Өзін-өзі дамыту – өзін-өзі өзгерту мен шығармашылық идеяларды іздеуге мақсатты бағытталған саналы түрде мотивацияланған процесс. Өзін-өзі дамытудан дамытудың ерекшелігі – ол кездейсоқ жүреді және ішкі қарама-қайшылықтарды шешу нәтижесінде тұлғалық сапалардың өзгерісі байқалады.

Өзін-өзі дамытудың барлық сатысы: өзін-өзі тану, шығармашылық пен өзін-өзі анықтау, шығармашылықпен өзін-өзі жетілдіру, өзін-өзі басқару бір-бірімен тығыз байланысты және біртұтас күрделі жүйені құрайды.

Ғалым В.И.Андреев тұлғаның өзін-өзі басқаруына қатысты 9 мағыналы қабілеттерді ажыратады: өзін-өзі тану қабілеті, өзін-өзі анықтау қабілеті, өзін-өзі ұйымдастыру қабілеті, өзін-өзі белсендіру қабілеті, өзін-өзі сендіре алу қабілеті, өз бетінше іс-әрекет жасай алу қабілеті, өзін-өзі бақылау, өзін-өзі бағалау, өзін-өзі жетілдіру.

Өзін-өзі жетілдірудің қажетті шарттары – басты мәселені қоя алу және басым бағыттағы бірінші мәселені ұтымды шеше алу. Осыған сәйкес уақыт талабына сай келетін мәселені таба алу керек, сондай-ақ, оның басым бағыттарын дұрыс анықтау қажет. Бұл үшін мұғалімге өзінің инновациялық әлеуетін толық жетілдіруге мүмкіндік беретін мақсатты дұрыс анықтап алу қажеттілігі туады. Өзін-өзі жетілдіру – бұл мотивацияланған, дербес процесс және өзін-өзі тану, шығармашылық тұрғысынан өзін-өзі анықтау, өзін-өзі басқару, инновациялық өзін-өзі жетілдіру процестерімен тығыз байланысты. Оның негізіне тұлғаның өзін-өзі өзгерту, өзін-өзі жетілдіру мақсат бағыттылығын түсінуі жатады.

Даму процесінің күрделілігі, қарама-қайшылықтылығы мен заңдылығы, спираль түріндегі құбылыс болуы жеке тұлғаның шығармашылық әлеуетінің дамуын оның өзінің алға қарай жылжуын өзі дайындайтын процесс деп қарауға мүмкіндік береді. Бұл философияда «өзін-өзі алға ілгерілету», «өзін-өзі дамыту» ұғымына сәйкес келеді. Өзін-өзі ілгерілетуде сыртқы әсерлер аралық рөл атқарады. Тұлғаның өзін-өзі дамытуы өзін-өзі ілгерілетуден сапалық сипатымен өзгешеленеді: ол ұйымдастырудың жоғары деңгейге өтуімен қатар жүреді.

Өзін-өзі дамыту қажымас қайраттылықты, үлкен ерік-жігерлік күшті қажет етеді. Өзін-өзі тәрбиелеу мектебі адамнан көптеген күш-қайратты жоғары дәрежедегі ұйымдастырушылықты, өзіне деген сын көзбен қарауды талап етеді.

Өзін-өзі тәрбиелеу адамның рухани қажеттіліктерін қалыптастыруға бағытталған. Адамның өзін-өзі жетілдіріп, өзімен жұмыс істеуінде кітаптардың маңыздылығы зор. Өйткені, кітаптар бізді жақсы адам болуға ынталандырады, қызықты адамдармен таныстырады. Өзін-өзі тәрбиелеудің маңызды бөлігі – мотивтерді, ынтаны дамыту. Жақсы, ақ ниетті болуға талпынбай, адамзаттың білімдер байлығын, адамзат мәдениетін игеруге тырыспай жан-жақты тәрбиелі және білімді адам болу мүмкін емес.

Психологиялық-педагогикалық ғылымдарда өзін-өзі тәрбиелеудің кең қолданылатын тәсілдері болып өзіне-өзі баға беру, өзіне-өзі бұйыру, өзін-өзі құптау, өзін-өзі түзету және т.б. саналады.

Өзін-өзі тәрбиелеу өзін-өзі бағалаудан басталады. Өзін-өзі бағалаудың негізін жеке адамның өзі қабылдаған құндылықтар жүйесі, тұлғаның жеке маңыздылықтар жүйесі құрайды. Өзін-өзі бағалау адамның өзін басқа адамдармен салыстыру арқылы қалыптасады және осындай салыстыру табиғи түрде жүргізіледі.

Өзін-өзі нақты бағалау өзін-өзі тәрбиелеудің мақсаттарын дұрыс құрастыруға мүмкіндік береді. Тұрақты және жаңа ақпараттар әсеріне, жинақтаған тәжірибесіне, қоршаған адамдардың пікірлеріне байланысты өзгеріп отыратын бейімделгіш өзін-өзі бағалау түрі адамның дамуы мен тиімді еңбек етуі үшін ең қолайлы бағалау болып саналады.
Өзіне-өзі бұйыру дегеніміз адамның өзіне-өзі берген қысқа, үздік-үздік үкімі.Өзіне-өзі бұйыру адам өзін нақты бір іс-әрекет жасау керектігіне сендіріп, енді басқаша әрекет жасауға болмайды деп сезгенде ғана қолданылады.

Адамның өзін-өзі тәрбиелеуде өзін-өзі құптаудын маңызы зор. Әр адамның есінде өздерінің үлкен жетістіктерге жеткен кездері жақсы сақталып қалады. Адамның жетістіктері оған рухани, интеллектуалдық, күш-жігерлік қорларының ішкі мүмкіншіліктерін байқатып, өмірдің жаңа белестерін жеңе алатынына сенімділік тудырады. Кейбір өмірлік жағдайларда адам «өткенді ойлап» осындай жағдайдан қалай жол тауып шыққанын еске түсіргені абзал.

Өзін-өзі бақылау – адамның өз іс-әрекеттерін, психикалық процесстер мен көңіл-күйлерін түсінуі, бағалауы және реттеуі.

Бұл тәсіл адамға айналадағылармен сабырлы қарым-қатынаста болу іскерліктерін, басқа адамдардың кемшіліктеріне, әлсіздіктеріне, қателіктеріне шыдамды болуды үйретеді. Аталған тәсіл көмегімен адам шиеленіс жағдайларды реттеп, ұстамдылыққа, күрделі жағдайларда байсалдылық, сабырлық сақтауға үйренеді.

Өзін-өзі түзету адамға өз мінез-құлқын, кемшіліктерін, қателіктерін және басқа адамдарға деген қарым-қатынасын өзгертуге мүмкіндік береді. Өзін-өзі түзету адамның өзіне сын тұрғысынан қарауына байланысты болады.

Дамудың жас және жеке ерекшеліктері.Белгілі бір бала дамуының кезеңдеріне тән анатомиялық-физиологиялық және психологиялық ерекшеліктерді әдетте жас ерекшеліктері деп атайды. Сондықтан педагогика және психология балалардың жас ерекшеліктеріндегі ширақтықты, өзгерісті айқындайды, тәрбиеленушінің және қоршаған ортамен жасайтын қарым-қатынастар жүйесіне тәуелді болатынын атап көрсетеді. Балалардың өсіп-жетілуінің бір сатысынан екіншісіне көшуі кездейсоқ емес. Әр жастағы кезеңге тән психологиялық ерекшеліктердің ұштасуын жиі байқауға болады. Сана-сезімнің, дене күш-қуаттарының дамуы адамдардың жас ерекшеліктеріне байланысты. Баланың жасы өскен сайын бойлары өсіп, денелері тұлғаланып, ақыл-саналары дамып, білімдері тереңдей бастайды.

Ж.Ж.Руссо бойынша баланың жас кезеңдері: 2-ге дейінгі жас — дене тәрбиесі; 12-ге дейінгі жас — мектепке дайындық; 15-ке дейінгі жас — ақыл-ой, дене әрекеті; 18-ге дейінгі жас — сезім тәрбиесі, отбасын құруға дайындық.

Тәрбие мен оқыту осы жас сатыларына сәйкес жүргізілуі керек. Өйткені, адам жасының табиғи негізі — жас сатылары немесе биологиялық жетілу сатылары. Әрбір жас шағы психикалық дамудың ерекше сапалы кезеңі болып табылады және бала дамуының осы кезеңдегі жеке басының өзіндік құрылымының жиынтығын құрастыратын көптеген өзгерістермен сипатталады. Мектептегі оқыту оның бүкіл өміріне түбегейлі, сапалы өзгерістер енгізеді. Алаңсыз балалық шақ аяқталып, баланың өмірінің іс-әрекеттің жаңа түрі — оқу енеді.

Балалардың дамуының жас кезеңдері негізі даму заңдылықтарымен анықталады. Отандық психологтар бала дамуының әрқайсының өзіндік ерекшелігін, кезеңнің әлеуметтік даму жағдайы және жетекші іс-әрекет түсініктерімен анықтайды.

Әлеуметтік даму жағдайын Л.С.Выготский анықтаған: «Дамудың ішкі процестері мен сыртқы жағдай үйлесімділігі, ол әр жас кезеңіне тән және сол жас кезеңіне тең психикалық даму динамикасымен шарттасады және соған байланысты».

Жетекші әрекет түсінігі А.Н.Леонтьев еңбектерінде ашылған. Әрбір жас кезіне сәйкес іс-әрекет түрі сәйкес келеді, ол баланың жеке басының дамуына және қалыптасуына, оның танымдық мүмкіндіктеріне әсер етеді. Психологиялық-педагогикалық ғылымның тереңдетіліп дамуына байланысты, жас кезеңдері де зеттелуде. Бұған Д.Б.Элькониннің еңбектері дәлел бола алады. Оқу міндетті іс болып табылғандықтан, ол баладан белгілі бір жауапкершілікпен еңбек етуді талап етеді. Мектепке бару баланың қоғамдағы және отбасындағы жағдайын өзгертіп, оған бірқатар жаңа міндеттер жүктейді. Осының бәрі баланың қоғамдағы жағдайын өзгертеді, бұл өзгерісті ол біртіндеп сезінеді.

Тұлғаның әлеуметтік даму барысында қоғамда адам өзін тұлға ретінде сезінеді. Бұл тәрбие, білім алу және өзін-өзі тәрбиелеу жағдайында адам өздігінен алдына мақсаттар белгілеп, оған жетуде өзінің бедел-сезімін түсінеді, коғамдағы өз орнын сезінеді.

Әлеуметтендіру – тұлғаның белгілі бір бейнесін дәріптейді, оның негізгі белгілері: адамның әлеуметтік қарым-қатынасы, достық, сүйіспеншілік, отбасы, өндірістік, саяси т.б. көрінеді.

«Адамның адам болып қалыптасуы жалғыздықта өмір сүрмейді, тірліктердің арқасында адам болып қалыптасады, өзін қоршаған басқа субъектілермен бірдей жағдайда тұрмайды, бірақ әркім-әрқайсысының жан-жақты ықпалынан осы жерлерге үздіксіз жауап қайтарады» (П.Наторп).

Как быть Леди:  ЧЕРСТВОСТЬ - Сканворды, Толковый словарь, Академический словарь, Орфографический словарь, Формы слов, Синонимы, Антонимы, Грамматический словарь

Д.Б.Эльконин балалар дамуының жас кезеңдерін төмендегідей көрсетеді:

1. Нәрестелік жастуғаннан бастап 1 жасқа дейін. Жетекші әрекеті – эмоциональды қарым-қатынас. Бұл жастың ерекшелігі (маңызды жетістігі) — басқа адаммен қарым-қатынасқа деген қажеттілік.

2. Сәбилік кезең1-3 жас. Жетекші әрекеті – заттық әрекет. Жетістігі — сөйлеудің дамуы және көрнекі әрекеттік ойлаудың дамуы.

3. Мектеп жасына дейінгі кезең – 3-7 жас. Жетекші әрекеті – рөлдік ойын. Жетістігі – қоғамдық маңызды, қоғамға бағалы іс-әрекетке ұмтылуы.

4. Бастауыш сынып оқушысы 7-11жас. Жетекші әрекеті – оқу; оқу процесінде ес қалыптасады, сыртқы әлемнің заттарын меңгереді. Бұл жастың жетістігі болып психикалық құбылыстардың ырықтылығы, ішкі әрекет жоспары, рефлексия алынады.

5. Жеткіншілік жас – 11-15 жас. Жетекші әрекеті – қоғамда пайдалы іс-әрекет жүйесіндегі қарым-қатынас (оқу, қоғамдық-ұйымдастыру жұмыстары, еңбек, т.б.); бұл процесте жеткіншек әртүрлі жағдайдағы қарым-қатынас дағдыларын меңгереді. Маңызды жетістіктері — өзін-өзі бағалау, сын көзбен қарау, «ересек болуға ұмтылу» және ұжым өмірінің нормаларына бағына білу іскерлігі мен дербестігінің қалыптасуы.

6. Балғын жастық шақ – 15-17 жас. Жетекші әрекеті – кәсіптік оқу. Жетістігі: оқу процесінде дүниетанымы, кәсіби қызығушылығы, өзіндік санасы және арман-мұраты қалыптасады.

Акселерация (латын сөзі «акелероцио» — жеделдету, тез қарқынмен даму) балалық және жеткіншек жастағылардың дене және психикалық даму жағынан тез қарқынмен, жеделдеп дамуын айтады.

Адамның өсіп жетілуінде белгілі заңдылық болады. Ал, бұл заңдылық әр балада әр қалай болады. Баланы дұрыс тәрбиелеу үшін олардың жас және дара ерекшеліктерін білу қажет. Мектептегі кезеңнің өзі бастауыш (6-10 жасқа дейін), орталау мектеп (10-15-ке дейін), орта мектеп оқушылары (15-18-ге дейін) болып үшке бөлінеді. Баланың дене дамуындағы ең маңыздысы — орталық жүйке жүйесі, өйткені адамның психикалық әрекеттері осы орталық жүйке жүйесіне байланысты болады.

Акселерацияға тән ерекшелік – балалардың бойының, салмағының бұлшық еттерінің жедел түрде өсіп жетілуі. Акселерация құбылысы тұрғысынан қарағанда қазіргі жеткіншек балалардың бойы биік, иықтары қысыңқы, кеудесі қысқа, аяқтары ұзын келеді. Күні бұрын тез жетілген ағза ауруға, суыққа және дене салмағына төзімсіз келуі анықталуда. Ересек жастағы балалар жыныс мүшесі жетілу кезінде тез шаршайды. Осындай тез өсетін ағзада жүрек-тамыр жүйесінің дамуы бірнеше есе қалыс қалады да, өз міндеттерін атқара алмайды. Ал баланың психикалық жетілу денгейі артта қалады (соңдықтан ер немесе қыз бала қоғам, отбасы алдындағы өзінің борышын ар-намысын, міндеттерін, жауапкершілігін түсіне бермейді. Осы мәселені ата-аналар, мұғалімдер ескеріп отыруы қажет.

Акселерация – биологиялық фактор, әлеуметтік жағдайлардың жақсаруы, сонымен бірге радио толқындардың және географиялық-климаттық жағдайлардың өзгеруі аталған құбылыстың пайда болуына әсер етті. Әрине акселерация құбылысы жайлы түпкілікті қорытынды шығару ертерек. Өйткені бұл әлі де зерттеуді қажет етеді, дегенмен акселерацияға байланысты мектеп жиһаздарына, сырт және аяқ киімдерінің үлгілеріне, дене шынықтыру және жаттықтыру кешендеріне қайта қарауға тура келіп отыр. Акселерацияның ақыл-ой дамуына ықпал жасайтындығы байқалуда. Сонымен адамның дамуы өзара байланысты бірнеше факторлардың ықпалымен жүретін күрделі педагогикалық, психологиялық процесс болып табылады.

Мектепке дейінгі балалық шақ, бастауыш мектеп шағы, жеткіншектік және жасөспірімдік шақ кезеңдерінде балалардың өсу, даму және тәрбие барысында болатын кейбір өзгешеліктері мен ерекшеліктерін еске ала отырып, мектеп және отбасы олардың іс-әрекетін тиімді етіп ұйымдастыру тиіс.

§

Жеткіншектік шақта балалардың денесі тез өседі, бұлшық еттері жетіліп, дене қаңқасында сүйектену процесі жүреді. Бұл жастағы балаларды кейде өткінші кезеңдегі немесе қиын жастағы балалар деп атаудың өзі де кездейсоқтық емес. Жеткіншек шақ – ең қиын, ең тынышсыз, ұшқалақ шақ, балалардың қоғамдық белсенділігі дамиды, саяси ой-өрісі кеңиді, өздерінің жауапкершіліктерін түсініп, терең білім алуға талаптанады. Үлкендермен қарым-қатынас, мүмкіншіліктерін ескермей, ойланбай асығыс шешім қабылдау орын алып жатады.

Жасөспірімділік шақта жастардың ағзасы – қаңқасы мен бұлшық еттері, ішкі ағзалары тегіс дамиды. Бұлшық еттері мен жұмыс қабілеті үлкендердің нормасына жақындайды. Бұл кезеңде жастар Отан, қоғам алдында тұрған әлеуметтік-саяси және мемлекеттік міндеттерді шешудегі күреске белсене қатысады. Кәмелеттік жасқа жеткен балалар өмір жолына көз жібереді, өздерінің келешек мамандығын саналы түрде таңдап алуға тырысады. Олардың мамандыққа ықыласының бірте-бірте қалыптасуы түрлі іс-әрекеттеріне жауапкершілігін арттырады.

Белсенділік адамның іс-әрекеті барысында қоғаммен жеке адамдардың бір-бірімен қарым-қатынас жасауы барысында, өзін-өзі тәрбиелеуде, сонымен қатар әлеуметтік қоғамдық еңбек процесінде айқын көрінеді. Бала белсенділігінің ең алғашқы формасының бірі – қарым-қатыныс жасау белсенділігі.

Бұл белсенділік баланың білім алу, еңбек ету, әртүрлі қоғамдық жұмысқа қатысу барысында және өзін-өзі тәрбиелеуде бүкіл өмір сүруі барысында дамитын белсенділік. Жеткіншек жаста бала тәрбиенің обьектісі болып қана қоймай, ол тәрбиенің субьектісіне де айналу керек. Бала тәрбиенің субьектісі болатын себебі: ол, бір жағынан, өзін қоршаған ортаны — обьектіні танушы, білуші, екіншіден, өзінің белсенді іс- әрекеті арқылы сол өзі танып, ортаға өз тарапынан ықпал жасаушы.

Мақсатты, саналы, белсенді іс-әрекет баланың өзін-өзі тәрбиелеумен байланысты. Бала өзін қоршаған ортада қоғам талабына сай өмір сүреді, еңбек ететін белсенді жеке адам ретінде қалыптасуы керек.

Дамудың біркелкі еместігі.Педагогикалық процестегі оқушылардың іс-әрекеттерін қарастыра отырып, педагогикалық мақсатты ұйымдастырған іс-әрекет олардың шығармашылық белсенділігін қалыптастыру жағдайы болады. Іс-әрекет түрлері (қарым-қатынас, ойын, еңбек) жеке тұлғаның белгілі бір қасиеттерін дамытуға бағытталады.

Жеке тұлғаның дамуының қозғаушы күші мен оның көзі – тұлғаның сол кезге дейінгі жинақталған интеллектуалдық, адамгершілік және рухани әлеуетін пайдалана отырып, өзін-өзі жетілдіру мен жеке дамуға бағытталған қажеттілігі болып табылады.

Жалпы тұлға дамуына әсер ететін негізгі факторлар – іс-әрекет пен қарым-қатынас. Бұлар тұлға дамуының қозғаушы күштері. Адамда анадан туа біткен белгілі идеялар мен түсініктер және өжет, жұмсақ немесе байсалды мінез болмайды. Адамның адамгершілік, әуестік, белсенділік және батылдық сияқты қасиеттері даму процесінде қалыптасады.

ЖЕКЕ ТҰЛҒА ДАМУЫ:— Физиологиялық- Психологиялық- Морфологиялық Әлеуметтік

ІС-ӘРЕКЕТІ:- Ойын- Оқу- Еңбек- Таным- Спорт- Бағдарлау- Коммуникативті

ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСЫ:— Субьект-обьект- Субьект-субьект

Сонымен қатар жеке тұлғаны дамытудың қозғаушы күштері 3-ке бөлінеді:

ü Ішкі қарама-қайшылық– жеке тұлғаның ойы қоршаған ортамен, табиғатпен байланыспағанда туындайтын қарама-қайшылық;

ü Сыртқы қарама-қайшылық – қоршаған ортаның талап -тілектері мен заңдарына, тәртібіне, қағидаларына жеке тұлғаның іс-әрекеті арасындағы қарама-қайшылық;

ü Жалпы қарама-қайшылық– жеке тұлғаның ойы, талап–тілектері, іс-әрекетінің қоршаған ортамен, табиғатпен, қағидалар мен заңдар, рухани дүние мен материалдық жағдай арасындағы қарама-қайшылық.

Тұлғаның табиғи шамасы (потенциалы) және балалардың жеке ерекшеліктері. Тұлға дамуының нақты мүмкіндіктері (көкейкесті мүмкіндіктері және «дамудың таяу зонасы») және оларды тұтас педагогикалық процесте оқушылардың іс-әрекетін ұйымдастыруда есепке алу

Тұлға дамуының нақты мүмкіндіктері (көкейкесті мүмкіндіктері және «дамудың таяу зонасы») және оларды тұтас педагогикалық процесте оқушылардың іс-әрекетін ұйымдастыруда есепке алу қажеттілігі Ш.А.Амонашвили, В.С.Библер, Л.В.Занков, Д.В.Эльконин, В.В.Давыдов, Е.Н.Кабанова-Меллер, Н.А.Менчинская, Г.И.Щукина, И.С.Якиманская және т.б. ғалымдардың еңбектерінде нақты ашылады.

Тұлға дамуының нақты мүмкіндіктерін психолог Л.С.Выготский баланың дамуындағы 2 деңгейді — өзекті деңгей мен дамудың таяу зонасын ерекше бөліп қарастырып, «дамуы алда жүретін оқыту түрі ғана ең жақсы оқыту бола алады, тек дұрыс ұйымдастырылған оқыту ғана ақыл-ойды дамыта алады» деп дамыта оқытудың басқа барлық оқыту түрлерінен артықшылығын көрсетеді.

Әрбір баланың жеке ерекшелігі тәрбие процесінде, даму кезеңінде байқалады. Жеке ерекшеліктерге – түйсік, қабылдау, ойлау өзгешеліктері, жеке адам бойындағы мінез-құлық, темперамент, қабілет сияқты қасиеттер жатады. Жүйке жүйесінің типтік қасиеттері адамның мінез-құлығы, темпераменті және қабілетінің табиғи негізін құрайды. Жеке қабілеттердің дамуы жеке адамның табиғи мүмкіншіліктеріне байланысты.

Ал дара қабілеттер адамның айналаны қоршаған дүниемен өзара әрекеттесу процесінде қалыптасады. Әрбір адамның өзіне тән қасиетерін қалыптастыру мен жеке ерекшеліктерін дамытуды жан-жақты және үйлесімді тәрбиелеу дейді. Тәрбие баланың дамуына ықпал жасап қана қоймайды, ол үнемі даму дәрежесіне сүйенеді. Тәрбиенің міндеті «ең жақын даму зонасын» жасап, оның келешекте «көкейтесті даму зонасына» айналуын қамтамсыз етеді.

Әрбір оқушының танымдық іс-әрекетінің, әсерленушілігінің, ерік-жігерінің, мінезінің, жүріс-тұрысының тек өзіне ғана тән сапалық ерекшеліктері болады.

Демек, жеке ерекшелік – бұл адамның өз басындағы қасиеттерінің бір-бірімен сәйкестікпен түйісуі, оның басқа адамдардан өзгешелігі осы қасиеттері арқылы көрініс табады. Әркім өзінің жеке даму жолын бастан кешіреді, ал ол оның бойына табиғат берген қасиеттерге және тіршілігінің жағдайына байланысты болады. Мектеп оқушыларын олардын қабілеттеріне қарай топтарға біріктіруге болады: қыз балалар мен ер балалардың даму ерекшеліктері; дарынды балалар мен педагогикалық жағынан қараусыз қалған балалар.

Дарындылық– адамның интеллектуалдык мүмкіндігімен байланысты болатын қабілеттіліктердің бірлігі, оның іс-қимылының деңгейі мен өзіндік ерекшелігі. Қабілеттілік бұл бірдей күш пен бірдей уақыт аралығында, бір адамның басқа адамдарға қарағанда жоғары көрсеткіштерге ие болуын қамтамасыз ететін мүмкіншілік.

Мұғалім балалардың жеке ерекшеліктерін, типтік сипатын мінез-құлқына сәйкес жете білуі қажет. Мәселен, жүйке жүйесіне байланысты темперамент типтерін басшылыққа алмай, тәрбие процесін психологиялық негізде ұйымдастырып іс жүзіне асыру мүмкін емес. Жеке адамның дүниенің сезгіштігі және қабылдағыштығы темпераментке тәуелді (22-сурет).

Темпераментдеп жеке адамның қылығы мен түрлі іс-әрекеттерінен көрінетін меншікті дара өзгешелігін атайды .

Психология ғылымында темпераментті төрт типке бөліп сипаттайды.

Холерик эмоциялық шапшаң, күшті тұрақты болады. Ол белсенді іске шапшаң кірісіп, аяқтап шығады, шыдамсыз, өкпелегіш, ашуланшақ.

Сангвиник эмоциялық қызы шапшаң, күшті, бірақ көп тұрақтанбайды. Қызулы, жеңілтек, бастаған істі аяқсыз қалдырады, уәдені көп береді, бірақ көбіне оны орындамайды.

Меланхолик қозуы шапшаң, күшті, тұрақты, момын, тұйық, жасқаншақ, ұжымнан бөлек жүреді, іске бірден кіріспейді, бастап кетсе аяқтайды.

Флегматик қозуы әлсіз, байсалды, кісімен араласпайды, орнықты, іске өте баяу кіріседі, бірақ тиянақты орындайды.

Мұғалім сабақ үстінде, тәрбие барысында балалардың мінез-құлықтарын ескеріп темпераментін тәрбиелейді. Мысалы, сангвиник баланың іс-әрекетін үнемі бақылап, берген тапсырманы орындалуын қадағалап отыруы керек болса, ал меланхоликті белсенділікке, ынтымақтастыққа, ұжымшылдыққа тәрбиелеу қажет.

Мұғалім күнделікті оқу-тәрбие процесінде оқушылардың дара ерекшеліктерін бақылап, есепке алып отырады. Осындай нақты зерттеу жұмысының нәтижесінде мұғалім балаларда кездесетін әртүрлі жағымды және жағымсыз дара ерекшеліктерді байқайды. Оларға: кейбір баланың оқу материлын тез ұғуы немесе баяу ұғуы, берілген тапсырманы мезгілінде бұлжытпай орындауы немесе түрлі сылтауларды айтып бас тартуы, іс — әрекеттер барысындағы белсенділік немесе енжарлық, әр баланың байсалды, ұстамды болуы немесе ұжымнан өзін оқшау ұстауы және т.б. Осы сияқты әртүрлі дара айырмашылықтарды мұғалім тәрбие жұмысын жоспардауда есепке алады, оларды іске асыру үшін қажетті жағдайлар жасап, нақты шаралар белгілейді.

Оцените статью
Ты Леди!